Live

Интернет бағасы өсті: миллионнан астам қазақстандық мобильді интернеттен бас тартқан

Қазақстанда мобильді интернетті пайдаланушылар саны биыл айтарлықтай азайды. Бұл үрдіс байланыс қызметтерінің қымбаттауымен тұспа-тұс келіп отыр.

интернет

Energyprom деректеріне сәйкес, 2025 жылдың желтоқсанында елде мобильді интернетті пайдаланатын 19,2 миллион абонент болған. Алайда 2026 жылдың қаңтарында олардың саны 18,1 миллионға дейін төмендеп, бір айда 5,3%-ға қысқарған.

Ақпанда да төмендеу жалғасып, пайдаланушылар саны 17,8 миллионға дейін азайды (–1,5%). Тек көктемнің соңына қарай жағдай біршама тұрақтанып, мамыр айының қорытындысында мобильді интернет қолданушылар саны 18,2 миллионға жеткен.

Сарапшылар мұны байланыс операторларының тарифтерді көтеруімен байланыстырады. 2026 жылдың қаңтарында қоңыраулар, SMS және интернет кіретін тарифтік жоспарлардың абоненттік төлемі бірден 8,7%-ға өсті. Ал мамыр айындағы көрсеткіш бойынша тарифтердің жылдық өсімі 10%-ға жеткен.

Бағаның қымбаттауы салдарынан бірқатар қазақстандықтар арзан тарифтерге ауысса, енді бірі мобильді интернетті пайдалануды мүлде шектей бастаған. Сарапшылар байланыс қызметтерінің бағасы әрі қарай өссе, абоненттер санына тағы да әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Тегтер: Интернет
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз