Қоғам

Инвестицияға қатысты мәселелермен "Бәйтерек" холдингі айналысатын болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Жолдауында инвестиция тарту ісін бір орталықтан басқару жүйесін жетілдіруді ұсынды

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде инвестиция үшін бәсеке күшейгенін айтып, Қазақстанға инвестор тарту және оларға қолдау көрсету тетіктерін қайта қарау қажет екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, қазір бұл бағытта мемлекеттік органдардың жұмысы бірізді емес. Бірнеше мекемеге ұқсас міндеттер жүктелгенімен, олардың қызметі өзара үйлесе бермейді. Сондықтан инвестиция тарту жұмысын бір орталықтан үйлестіретін тұтас жүйе қалыптастыру маңызды.

Мемлекет басшысы инвестиция мәселелерімен тұрақты әрі жүйелі айналысатын нақты мекемені айқындауды ұсынды. Оның пікірінше, бұл міндетті "Бәйтерек" холдингіне белсендірек жүктеу орынды болуы мүмкін.

Ал Экономика және Сыртқы істер министрліктері инвестиция саласындағы өздеріне тиесілі жекелеген міндеттерді атқара береді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз