Сараптама

Иран әскері Ормуз бұғазында екі кемені қолға түсірді

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы Ормуз бұғазы маңында рұқсатсыз өткен екі контейнер тасымалдаушы кемені – MSC Francesca және Epaminondas – ұстап алған.

Ормуз

Бұл туралы Press TV телеарнасы хабарлады.

ИРСК мәліметінше, Epaminondas кемесі АҚШ әскери күштерімен байланыста болған, ал MSC Francesca Израильмен байланысты деп күдікке ілінген.

Телеарна хабарлауынша, ұсталған кемелер жүк пен құжаттарды тексеру үшін Иранның аумақтық суларына жеткізіледі.

Ақпаратқа сәйкес, Epaminondas кемесі Либерия туы астында жүзіп, Үндістандағы Мундра портына бағыт алған. ИРСК дерегінше, 2024–2026 жылдар аралығында бұл кеме АҚШ-тың 11 түрлі портында 36 рет тоқтап, шамамен 299 мың тонна жүк түсірген.

Сондай-ақ, кеме екі күн бұрын Ормуз бұғазындағы Иранның Ларек аралы маңында болғаны айтылды.

Айта кетейік, 13 сәуірде АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазы арқылы Иран порттарына кіріп-шығатын теңіз қозғалысына бақылауды күшейткен. Бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған газдың шамамен 20 пайызы тасымалданады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз