Қоғам

Иран Ормуз бұғазын бақылауды өз қолына алды

Иран билігі Ормуз бұғазын басқаруға арналған жаңа мемлекеттік орган құрылғанын ресми түрде жариялады. Енді бұғаздағы жағдай мен жүргізіліп жатқан операциялар туралы ақпарат арнайы X әлеуметтік желісіндегі ресми парақша арқылы жедел түрде хабарланып отырады. Бұл туралы Парсы шығанағы істері жөніндегі басқарма (PGSA) мәлімдеді.

Ормуз

Ведомство Ормуз бұғазындағы ахуалға қатысты жаңартылған мәліметтерді және маңызды оқиғаларды нақты уақыт режимінде жариялап отыратынын хабарлады.

Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай тасымалының ең маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан бұл аймақтағы кез келген өзгеріс халықаралық энергетикалық нарыққа тікелей әсер етеді.

Бұған дейін CNN Иранның Ормуз бұғазының түбімен өтетін суасты интернет кабельдерін пайдаланғаны үшін ірі технологиялық компаниялардан ақы алуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Ақпаратқа сәйкес, егер компаниялар төлем жасамаса, Иран тарапынан интернет трафигінің жұмысына кедергі келтіру қаупі туындауы мүмкін.

Әзірге бұл бастамаға қатысты технологиялық компаниялардың немесе халықаралық ұйымдардың ресми ұстанымы жарияланған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз