Баған

Ішімдікке ру аттарын жазып қоятын кәсіпкерлар ата-бабаларымызды масқаралап жатқанын біле ме?

Елімізде қаптамасына ру аттары жазылған сыралар сатылымғашыға бастаған. Ішімдік сыртына ру аттарын тайға басқандайетіп көрсеткен кәсіп иелері осылай маркетингтік әдіс-айлаға барып жатқантәрізді.

Ішімдікке  ру аттарын жазып қоятын кәсіпкерлар ата-бабаларымызды масқаралап жатқанын біле ме?

Кәсібінің көрігін  қыздырмақболғандардың бұл әрекеті көпшіліктің ызасын тудырып үлгерді. Жер-су аттарықалып, енді ру атауларын масқаралағандар жазалана ма?!

Бұл ретте «Жас Алашқа» хабарласқан алматылық тұрғын «кеше 1 маусым  күні  қазақ ұлтының руларының таңбаларын қолданыпшығарылған «Таңба» есімді сыра бар екендігін білдік.  Бірден Алматы қаласы, Райымек даңғылы 476/1мекен жайында орналасқан дүкенге бардық. Ол дүкеннің  «Таңба» сырасын сатып жатқанына куә болдық.Аталған сыраны «Caspian beveraqe holding» АҚ шығарады екен.  Сыраның қаптамасында қазақтың руларыныңтаңбалары мен аты жазылған»,-дейді.

Кезінде арақ-шарапқа ұлы Абайдың, белгіліақын-жазушылардың суретін шығарып, тауарын жарнамалаған кәсіпкерлер де болған.Енді үш жүзге бөлінетін қазақтың руларының атымен сыраның сатылымға шығабастауы рухани азғындық емес пе?! «Дулат, қоңырат, қыпшақ деген атаумен сыра шыға бастапты. Осы сыраны өндірушілер Бораттың ізін қуып біздің ұлтымызды масқаралап  бабаларымызды «маскүнем болған» деп көрсетпек пе?!Енді бізге рулардың аты мен таңбаларын қолданып әжетханаларда қолданатынқағаздар жасау ғана қалды»,- деп ашынады алматылық тұрғын.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз