Ит құтқару операциясы
Көкшетауда құтқарушылар сең үстінде қалып қойған итті құтқарды. Мұздың тым жұқалығына қарамастан, басын қауіпке тіккен хайуанның бұл әрекетіне тұрғындардың әртүрлі болжамы бар.
Мақұлықтың қауіпті мезгілде Қопа көліндегі мұз үстіне шығыпкетуі бірінші рет емес. Он күннің ішінде тұрғындардың хабарласуыменқұтқарушылар 5 мәрте итті жағаға шығарған. Қайта-қайта көлге жүгіретін төртаяқты қамауға да көнбей, қашып кеткен. Тым жұқа мұздың үстіне шығуға үйір иттіңбұл әрекетіне әркім әртүрлі жорамал айтып жатыр. Құтқарушылар "қыс кезіндемұздағы балықшылардың беретін жеміне үйренген жануар, әдетінен арыла алмай,көлге шабады" дейді. Ал, кей тұрғындар «мұз үстінде жоғалған иесініздеп жүр» деген болжам айтып жатыр. Кезекті рет құтқарылған ит енді үйжануарларын қорғаумен айналысатын еріктілерге берілетін болады. Еріктілерұрғашы итті Несси деп атамақ.
– Екі құтқарушы маторлы қайықпен әуелі ит қашпас үшін айналасындағы мұзды шеңбер қылып бөліп алды.Сосын аумен алып шықты. Тағы да көлге кетпес үшін торға қамап қойдық. Алдағы тағдырын енді еріктілер бақылайтын болады, – дейді Ақмола облысы ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Марат Әбжанов.
Фото автордікі.