Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:31, 08 Ақпан 2024

Израиль Хамаспен бітімге келуден бас тартты

Хамас
Фото:

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Хамас қозғалысының ұсынған атысты тоқтату шарттарын қабылдамады. Израильдің Газа секторындағы «абсолютті жеңісі» «бірнеше айдың ісі» екенін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Израильдің ұзақ мерзімді қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы - ХАМАС-қа қарсы «абсолютті жеңіске» жету. Премьер-министр мұндай жеңістің жақын екенін және бірнеше айдың ішінде қол жеткізуге болатынын баса айтты. Ол Израиль қорғаныс күштерінің Газа секторының оңтүстігінде операция бастау туралы бұйрық алғанын растады.

"Хамастың жеңілуден басқа амалы жоқ. Хамастың азаматтық үкіметі әскери жеңіліссіз құламайды", - деді Беньямин Нетаньяху.

Мысыр өкілдері 8 ақпан Каирде Газа секторында бітімге қол жеткізу үшін келіссөздердің жаңа кезеңі басталатынын хабарлады. Бұған дейін Хамас Израильге Газа секторында атысты тоқтату шарттарын алға тартып, Катар мен Мысырдың қатысуымен әзірленген үш кезеңдік бітім жоспарын ұсынған болатын. Содырлар Израильге 2023 жылдың қазан айында 1,5 мың палестиналық тұтқынға айырбас ретінде кепілге алынғандарды қайтаруға уәде берді, сонымен қатар Газаны қалпына келтіруге кепілдік беруді және ИДҚ-ны анклавтан толықтай шығаруды талап етті.

Бұған дейін Израиль ХАМАС-қа екі айлық бітімге келу туралы ұсыныс жасаған болатын, бірақ оның барлық шарттарын келісу мүмкін болмады. 2023 жылдың қазан айында Израильге шабуыл жасаған палестиналық содырлар мен Израиль билігі арасында атысты тоқтату келісімі болған, бірақ ХАМАС бітімгершілік шартын бұзды.