Қоғам

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ауруханаға жатқызылды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 25 мамыр күні кешке Иерусалимдегі «Хадасса Эйн-Керем» медициналық орталығына жеткізілді. Бұл туралы The Times of Israel басылымы премьер кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады.

Биньямин Нетаньяху

Ресми мәліметке сәйкес, Нетаньяху ауруханада стоматологиялық ем қабылдап жатыр. Алайда нақты қандай ем жүргізіліп жатқаны айтылмады. Премьердің ауруханаға түскені туралы ақпарат БАҚ-та тарағаннан кейін ғана оның кеңсесі арнайы мәлімдеме жасаған.

Еске салайық, 25 сәуірде Биньямин Нетаньяху өзіне 2024 жылы ерте сатыда қуықасты безінің қатерлі ісігі анықталғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, содан бері тұрақты медициналық бақылауда жүр.

Сондай-ақ премьер бұл ақпаратты Иранның насихат мақсатында пайдалануынан қауіптеніп, денсаулығы туралы мәліметті көпшілікке кеш жариялағанын айтқан.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз