Оқиғалар

JAQ.OrtCom жалған бейнероликтердің жаңа толқыны туралы ескертті

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы шетелдік әртістердің, спортшылардың және басқа да танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысын пайдалану арқылы жасалған дипфейктердің жаңа толқыны таралып жатқанын хабарлады.

Дипфейк

 Мұндай бейнероликтерде Қазақстандағы көші-қон тәртібі қатаңдатылғаны туралы және әлеуметтік желі пайдаланушыларын жаңылыстыруға бағытталған өзге де жалған мәлімдемелер таратылуда.

Орталықтың мәліметінше, мұндай материалдар мақсатты түрде ұйымдастырылған ақпараттық арандатулардың бір бөлігі. Мұндағы басты мақсат – Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің жағымсыз бейнесін қалыптастыру, әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратты одан әрі таратуға тарту.

Осыған байланысты азаматтарға мұндай контентке сыни тұрғыдан қарап, ақпаратты мұқият тексеру, қажет болған жағдайда бейнематериалдардағы дипфейк белгілерін анықтауға арналған арнайы онлайн-сервистерді пайдалану және материалдардың жасанды интеллект көмегімен жасалғанын анықтауға мүмкіндік беретін тексеру құралдарын қолдану ұсынылады.

Тегтер: Дипфейк
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз