Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:36, 05 Қараша 2019

Кәмила Тілепова. Менің балаларым

Нұргүл жұмыстан кейін дұрыстап демала алмады. Үстіңгі қабаттағы пәтердентоқтаусыз шығып жатқан тасыр-тұсыр, айқайлаған, жылаған дауыстар әбден мазасыналып бітті.

Отыз жыл өмірін өткізген жатақхананың сыз қабырғасынан құтылып,жайлы пәтерге жеттім бе деп қуанып еді, енді мына бәлеге тап болғанын қарашы...

Нұргүл фабрикада тігінші болып жұмыс істейді. Күнұзақ тоқтамай жұмысістеп тұратын ондаған үлкен тігін машиналарының құлақ тұндыра дарылдаған,гүрілдеген даусынан шақшадай басы шарадай болып үйге зорға жеткенде, мынабалалардың айқай-шуынан одан сайын жүйкесі жұқара түсті. «Бұл қашанға дейінсозылады? Күндіз де, түнде де тыныштық жоқ!». Күбірлей жүріп, үстіңгі қабатқакөтеріле берген Нұргүл беймаза көршілерінің есік қоңырауын қаттырақ басыпжіберді. Есіктің кілті сықырлап, ашыла бастағанда ашу-ызасының бәрінақтарып-ақтарып кетейін деп аузын аша берген, бірақ есіктің көзіне шыққан 4-5жасар сүп-сүйкімді қызды көріп, абдырап қалды. Ашуы бір пәсте ғайып болғандай.

— Сен не, үйіңде жалғызсың ба? – деді алдына тізерлей отыра кеткенНұргүл. Баданадай көздерін бақырайта, ұзын кірпіктерін қағып-қағып жібергенкішкентай періште де жауабын күттірмеді.

— Жоқ. Менен басқа Жомалт, Алмас, Елкін, Самал және мен балмын. Алманағам мектепте… – деп,саусақтарын бүгіп тұрып бәрін санамалап шықты. Сосын: —Ал менің атым – Ақелке, — деп қосып қойды.

— Аа, көп екенсіңдер ғой. Ал ата-аналарың қайда?

— Көкем аулуханада, ал апам жоқ...

Осы кезде баспалдақпен асыға көтеріліп келе жатқан аяқ дыбысы естілді.

— Әне, Алман ағам келді! — Қуана айқай салып, төменге жүгірген Ақеркетөбесі көрінген 10-11 жастардағы ер баланы құшақтай алды. Арман қарындасынкөтерген күйі есіктің алдына келді де, Нұргүлмен амандасып:

— Балалар бірдеңе бүлдіріп қойды ма? Кешіріңіз, әкем науқастанып қалыпеді, оның үстіне балабақшаны да уақытша жауып қойыпты. Бір-екі күн мазаңыздыалсақ, ренжімеңізші...

— Жо-жоқ, ештеңе етпейді. Егер бір көмек керек болса, айтыңдар, — депНұргүл балалармен тез-тез қоштасты да, өз пәтеріне беттеді.

Осыдан кейін, неге екені белгісіз, ол балалардың айқайы ментасыр-тұсырына ашуланған жоқ. Керісінше, оларға қайтіп көмектессем екен депойлана бастады. «Ғажап балалар! Әсіресе анау үлкен баласының ересектердіңжоқтығын білдірмей отырғанын қарашы. Айтпақшы, шешесі жоқ болса, олар не ішіп,не жеп отыр, құдай-ау?!». Осыны ойлауы мұң, дереу орнынан атып тұрды да,шаршағанына қарамастан, ет қосып картоп қуыра бастады. Бұған қоса пешке тәттібәліш те салып қойды. Көптен бері біреуге арнап ас әзірлемеп еді. Тіпті өзінің жалғызқызына да...

 

***

Нұргүлдің өз ата-анасы есінде жоқ. Бұл дүниеге келгенде, екеуі дестудент екен. «Оқуымызды аяқтағанша қарап бер» деп, бір жасар Нұргүлді нағашыәжесіне әкеліп тастап, қайтып бара жатқандарында көлік апатына ұшырапты. Екеуіде сол жерде көз жұмған көрінеді.

Он жасына дейін әжесі өсірді. Кейін ол кісі қайтыс болған соң,жеңгесінің күңіне айналды. Нағашы ағасы қой аузынан шөп алмайтын, можантопайбіреу болатын. Бұған араша түспек тұрмақ, өз тамағын зорға сұрап ішуші еді.Осыны пайдаланған жеңгесі бұған әңгіртаяқ ойнатып, сиырын да сауғызды,айран-сүтін пісіртіп, құрт-майын да жасатты, белін майыстырып, бау-бақшасыныңбар тірлігін де осының мойнына артып қойды. Жазда осы жұмыстардан кейін өзінедалаға салынған төсекке сүріне-қабынып келіп құлайтын Нұргүл түнде аспандағыжұлдыздарға қарап, кірпігі айқасып бара жатып: «Құдайым, мені мына жерден басқажаққа алып кетші!» — деп тілейтін...

Сегізінші сыныпты бітірген жылы аяқталмаған орта білім аттестатын аласалып, аудан орталығындағы училищеге оқуға түсемін деді. Әрине, жеңгесі тегінжалшыдан айырылғысы келе қойған жоқ, бірақ, қал деп те жалынбады. Бойжеткенсайын қажеті көбейіп келе жатқан «артық ауыздың» кеткенін де дұрыс көргенсияқты. Ал Нұргүл училищенің азын-аулақ шәкіртақысына өмір сүру оңай болмасада, әйтеуір, мемлекеттен берілген тегін киімді киіп, оқи берді. Оғаннамыстанбады да, ең бастысы, жеңгесінің қорлығынан құтылғанына қуанды.

Дәуренмен тұрмыстық қажетті өтеу комбинатына өндірістік тәжірибеденөтуге барғанда танысты. «Комбинат директорының ұлы» десті білетіндер. Нұргүлсондай сымбатты жігіт өзіндей жұпыны киінген, жүдеу қызға назар аудара қояр депойламаған. Сондықтан, ол көңілін білдіргенде бірден басын алып қашты. «Мазақеткісі келеді» деп ойлады. Бірақ, Дәурен әрбір ісімен, әрбір сөзімен өзсезімінің шынайы екенін дәлелдей түсті. Ақыры бұл да сылқ түсті.

Дәурен бақуат отбасының жалғыз ұлы болғандықтан, ақшасыз жүрмейтін. Сондықтан,аудан орталығынан пәтер жалдады да, екеуі сонда ерлі-зайыптыдай бірге тұрабастады. Жасырын. Тек күндіз. Ал түнде Дәурен үйіне қайтуға мәжбүр. Олайетпеске болмады. Өйткені, Дәуреннің ата-анасы оның түгі жоқ, жетім қызғаүйленуіне рұқсат етпесі әбден белгілі еді. Ал Нұргүлдің ешқашан ондай жанашыр,қамқор адамы болған емес. Одан айырылса, тамұққа қайта түсердей қатты қорықты.Сондықтан, осылай болса да бақытты болғысы келді...

Ол сабақтан кейін пәтерінде ас дайындап, Дәуренді күтіп алатын. Сосынекеуі түстеніп алып, қас қарайғанша қала ішінде серуендейтін, балмұздақ жеп,киноға баратын. Олар бақытты еді, Дәуреннің ата-анасы бәрін біліп қойғанша...

Бұлардың құпиясын Дәуренге ғашық болып жүрген бір курстас қызы айтыпқойыпты. Бұлардың пәтерін іздеп тауып алған Дәуреннің әке-шешесі Нұргүлдікөргенде аһ ұрып:

— Мынауың он сегізге де толмаған жап-жас қыз ғой! Сен оңбаған түрмегетүскің келе ме? – деп айқайлады.

— Біз бір-бірімізді сүйеміз, — деуден танбады Дәурен. Бірақ,ата-анасына қарсы шыға алмады. Тек әкесі жағынан шапалақпен бір тартып,көлігіне итеріп мінгізгенде, терезеден басын шығарып:

— Жылама! Мен қайтып келем! — деп айқайлап үлгерді. Болды, соданкейін Нұргүл оны қайтып көрмеді.

 

***

Пәтердің ақшасын өзі төлей алмайтын болған соң, жатақханаға қайтыпоралуына тура келді. Сабаққа құр сүлдерін сүйретіп барып-келген соң,құрбыларының сансыз сауалдарына жауап қатпай, үнсіз бүк түсіп жатып алатынболды. Ештеңеге зауқы жоқ. Тамақ та ішкісі келмейді. Тіпті соңғы кездері қаттымазасызданып, басы айналатын болып жүр. Мән бермеді...

Арада төрт ай өткенде, жатақханадағы кезекші әйел баспалдақтан ырсылдайкөтеріле берген Нұргүлді тоқтатып, жұмырланып қалған ішіне қадала қарап тұрыпқалды.

— Әй, сен қыз жүкті сияқтысың ғой! — деді сосын жұлып алғандай.

Осы уақытқа дейін қаперіне ештеңе кіріп-шықпаған Нұргүл біреу басынабалғамен ұрып жібергендей, мең-зең болып, жүзі бозарып кетті...

Бұл туралы оқу орнының басшылығы тез-ақ құлағдар болды. Нұргүлдіжиналысқа салып, олай да, бұлай да жұлқылады. Мұғалімдердің біразы: «Басқаоқушылардың бәрін бұзатын болды, дереу оқудан шығару керек!» — деп айқайлады.Бұл барар жер, басар тауы жоқтығын айтып, көз жасын көл қылды. Ақыры училище директорыжасы келіп қалған, көпті көрген әйел еді, сол бәріне басу айтып:

— Өзі жетім өскен қыз. Ненің жақсы, ненің жаман екенін бұл байғұсқа кімүйретті дейсің? Әрі құшағын жайып күтіп отырған да ешкімі жоқ екен. Бұл өмірғой, біз де қатты кетпей, адамгершілік жасайық. Айы-күні жеткенше осындаболсын. Сосын көрерміз, — деді.

Солай Нұргүл жатақханада қалды. Бірақ, босанар уақыты жақындаған сайын«одан әрі қарайғы өмірім не болады?» деген ой санасын шырмап, тынысын тарылтаберді. Мұның шешімін де училище директоры Қаншайым апайы тауып берді.

— Балам, қазір қандай жағдайда екеніңді білемін. Сені өз үйіме-ақкіргізіп алар едім, мен де келіннің қолына қарап отырмын, қайтейін. Сен былайісте. Аман-есен босанған соң, сәбиіңді уақытша жетімдер үйіне өткізе тұр. Сосынтым болмаса осы училищедегі оқуыңды аяқтап, жұмысқа тұрып ал. Арасында балаңабарып, хабарын алып тұрасың. Кейін жағдайың дұрысталған соң, қайтып аласың.Содан басқа бұл қиындықтан шығар жол көріп тұрған жоқпын, — деді ол.

Жүрегі қан жыласа да, Нұргүлдің осы ұсыныспен келіспеске амалы жоқеді...

 

***

Жаңа туылған қызына Нұргүл марқұм анасының есімін беріп, Мәриям депатады. Жылай-жылай тұла бойы тұңғышын жетімдер үйіне өткізді. Алғашында көкірегіісініп, түні бойы қызы шырқырап жылап жатқандай елеңдеп ұйықтай алмай шығатын.Келе-келе үйренді.

Оқуын бітірген соң, комбинатқа орналасып, жұмысшылар жатақханасынан бірбөлме алды. Жұмыстан қолы қалт етсе, тәтті-пәттісі мен ойыншығын алып, қызынабарып тұратын. Бірақ, оның алғаш тәй-тәй басқанын, алғаш тілі шыққанын көреалмады. Ол қызуы көтеріліп, түні бойы жылап шыққанда құшағына қысып, жұбатаалмады. Осыны ойласа-ақ өз тағдырына лағынет айтып, қыстыға жылаудан басқашарасы болмайтын...

Қызы есін біле бастағанда: «Апа, мені өзіңмен алып кетші» дейтін болды.«Енді азырақ шыдасаң, жағдайым дұрысталады, сосын алып кетем, құлыным» деп, бұлда көкірегі қарс айырыла қоштасатын.

Сөйтіп жүріп, қызы мектеп бітіретін жасқа да жетіп қалыпты. Осыжылдарда өзгерген ештеңе де жоқ. Мардымсыз жалақысынан жырымдап қызына жаңакиім, ойыншық әпергені болмаса, жағдайын дұрыстап, пәтер жалдауға мүмкіндігіболмады. Ал жатақханаға қызын әкелуге рұқсат бермейді.

Мәриям анасының тұратын жерін тек мектеп бітіріп, жетімдер үйіненшыққан соң ғана көрді.

— Мына қуықтай бөлмені де үйім деп жүрсің бе? — деді қызы табалдырықаттағаннан-ақ. — Өміріңді өзгертуге ешқашан тырыспадың ба? Ең болмаса бақуаткөңілдес тапсаң да, әлдеқашан бір баспана алуға болар еді ғой. Мен үшін соны даістей алмадың ба?

Нұргүл осы кезде қызын бірінші рет бетінен шапалақпен салып жіберді.Бесіктен белі шықпаған бала ешқашан мұның ойына кіріп те шықпаған нәрсені айтыптұр. Бұл сұмдық қой!

— Жарайды, мұныңа ренжімеймін, апа. Тіпті саған ренжитіндей мен кім едім?Анам деген атың болмаса, мені жаныңа алуға ешқашан талпынып та көрген емессің.Мен де сенің мына тауықханаңа көзімді сүзбей-ақ қояйын. Қорықпа, мен сенсіз деөлмеймін. Жақында бір кісімен таныстым, соған тұрмысқа шығамын. Жасы мененүлкендеу, бірақ бар жағдайымды жасауға уәде берді. Мен сен сияқты болмаймын,менде бәрі болады, үйім де, күйеуім де, балаларым да! Ал сен осы лашығыңда қутізеңді құшақтап тұра бер...

Мәриям онсыз да топсасынан үзілердей болып әзер тұрған ағаш есікті тарсеткізіп шығып кетті. Сонда ғана есін жиған Нұргүл жүгіріп далаға шыққанда, қызыізім-ғайым жоғалыпты. Содан кейін оны көрмеді...

 

***

Нұргүл қызының айтқандары дұрыс екенін түсінді. Расымен, бір айлыққақарап, өмірін өзгертуге бір әрекет жасап көрмепті. Енді қызы бойжетті, сол үшінтырысуы керек.

Сол күннен бастап үйде киім тігуге қосымша тапсырыстар алып, ақшажинауға кірісті. Ішпеді, жемеді, көп нәрседен өзін тыйды. Сөйтіп жүріп ақырыосы бір бөлмелі пәтерге тек жақында ғана қолы жетті. Бірақ, қызын сол күйі табаалмады. Ол кеткелі де он жылдан аса уақыт өтіп кетіпті..

***

Демалыс күні ұйқымды қандырармын деп еді, болмады. Тағы да жоғарғықабаттағы балалардың тасыр-тұсыры оятып жіберді. Бірақ, бұл жолы Нұргүл қабақшытпады. Әсіресе, әлгі көзі бақырайып, қайқиған ұзын кірпіктерін жыпылықтатақарайтын сүп-сүйкімді Ақерке көз алдына келгенде, жүрегі біртүрлі болып кетеді.Сол қыз біреуді есіне салатын сияқты...

Бұрынғыдай керіліп-созылып жатып алмай, тез орнынан тұрды да,тәтті-пәтті пісіріп алып, жоғарғы қабатқа жүгірді. Есікті Арман ашты.

— Мынаның бәрі бізге ме? Рахмет! Кіріңіз, қонақ болыңыз, — деп он жасарбала ересектерше тақылдап тұр.

Өзін айнала қоршап отыра қалған бүлдіршіндерге сүйсіне қараған Нұргүлкенет өзін көпбалалы ана сияқты сезініп, жүрегі біртүрлі сыздап кетті.

— Әкелеріңнің ауруханада жатқанына көп болды ма? — деді ол өзі әкелгенбәлішті қомағайлана асап жатқан Арманға қарап.

— Әкем өрт сөндіруші болып істейді, жұмысында қатты күйік алыпты.Ауруханада жатқанына екі апта болды, жақында шығарады дейді...

— Балапандарым-ай, қиналып жүрген шығарсыңдар, ешкім келіп жәрдембермей ме?

— Мұнда біздің ешқандай туыстарымыз жоқ. Әкем балалар үйінен, — дедібала иығын қиқаң еткізіп. — Бірақ, әкемнің жолдастары көп. Солар келіп,азық-түлікті үйіп тастаған. Бір айға жетеді!

Арман жүгіріп барып, тоңазытқышты ашты. Расында, түрлі шұжық, жұмыртқа,жемістер мен дүкеннің айран-сүті толып тұр екен.

— Әкелеріңнің достары жақсы екен. Көмектескені жақсы. Бірақ, ыстық асішпесеңдер болмайды. Әйтпесе, іштерің ауырады. Қане, қазандарың қайда,көрсетіңдерші маған!

Бір сағаттан кейін түшпара қосылған ыстық сорпа мен салат және тәттікомпот та дайын болды.

— Ал апаларың қайда? Оған не болды? — деді Нұргүл балалар тамағын ішіпболған соң. Арман қолын бір сілтеді.

— Бізді тастап кеткен. Бір бай біреумен қашып кетіпті. Әкем «қайтыпкелсе, сендер үшін кешірем» деп еді, бірақ ол соңғы рет келгенінде әкемнен ақшаалып, бізден бас тартатыны туралы тілхат жазып кетіпті. Содан бері көргенжоқпыз. Бірақ, әкем бізге анамыздан артық қарайды. Тамақтың неше түрлісінпісіреді, тіпті қолынан келмейтіні жоқ. Мына отырған үстел мен орындықтарды,анау үйдегі жиһаздардың бәрін өз қолымен жасаған. Демалыс күндері сондайжиһаздарды бірге жасап, талай саттық. Сондықтан, біз ақшадан қиналған емеспіз.Негізі, біздің әкемізге жететін жан жоқ қой!

Нұргүл үйінде баланың әкесі туралы майын тамыза айтқан әңгімесін есінетүсіріп отырып, «шіркін, маған да сондай адам жолықса ғой» деп армандап қойды.Расында, жалғыздықтан әбден шаршапты. Бір баспаналы болайын деп, тиынға тиындықұрап жүріп, дұрыстап өмір сүре де алмапты. Үстіне бір бүтін киім ілмепті. Ендіғана жаным жайланды ма дегенде мына қу жалғыздық жанын қинап барады...

 

***

Балалардың әкесі – Айдармен Нұргүл тез тіл табысып кетті. Ашықжарқын,жайдары мінезді кісі екен. Өзі ауруханада жатқанда балаларына қамқор болғаныүшін Айдар алғысын айтып, Нұргүлді арнайы қонаққа шақырды. Дастарханды жайнатыптастапты. Ер адамның асты осыншалық дәмді пісіргенін Нұргүлдің бірінші реткөруі.

Балалар жан-жақтан жамырасып біраз бірге отырды да, сосын бәрі ұйықтапқалды. Оларды төсегіне жайғастырып келген Айдар кетуге ыңғайлана бергенНұргүлден тағы біраз қала тұруын өтінді. Нұргүл де қаңыраған үйіне барғысыкелмей, келісе кетті. Екеуі түннің ортасына дейін өз өмірлері жайлы айтып,біраз сырласып отырды.

Айдар жетімдер үйінде өскендіктен, алдымен бар жағдайымды жасап алайын,сосын үйленермін деп отыздан асқанша жүріп қалыпты. Содан бірде түнде жұмысынанқайтып келе жатып екі кішкентайымен суық, қараңғы далада тұрған келіншектікөріп, көлігіне отырғызады. Өзі балалы деуге келмейді, уыздай жап-жас келіншек.Күйеуінің ішіп алып, күнде ұратынын, қазір содан қашып келе жатқанын айтыпжылайды. Өзі жетім қыз болса керек, барар жері де жоқ екен. Жетімдіктің неекенін жақсы білетін Айдар келіншекті балаларымен өз үйіне әкеліп паналатады.Күйеуінен ажырасып, жұмысқа орналасуына да көмектеседі. Өзі балаларға да,олардың анасына да қатты бауыр басып қалғандықтан, көп өтпей оған үйленеді.Яғни, Арман мен Жомарт әйелінің өзімен еріп келген балалары екен. Бірақ, олардыбірден бауырына басқан Айдар балаларды өз атына жаздырып алыпты. Одан кейінгітөрт бала өзінікі.

Өкінішке орай, әйелі жеңіл жүрісті болып шықса керек. Балаларыншырқыратып тастап, түнделетіп қыдырып кеткенін талай кешірсе де, соңғыкеткенінде шыдамы таусылып, ажырасуға арыз беріпті. Ал әйелі жезөкшеліккәсіппен айналысып, басқа елге кетіп қалғанын кейін естіпті...

 

***

Бір аптадан кейін Айдар Нұргүлге ашықтан-ашық көңілін білдіре бастады.Нұргүл де Айдарды ұнатып тұрғанымен, «қырықтан асқанда қылық шығаруға» біртүрліқымсына беретін. Бір күні екеуінің бір-біріне көз астымен қарап, ымментүсінісіп отырғанын байқаған Арман әкесінің жанына келді де:

— Түу, тура бір бала сияқтысыңдар, одан да үйленсеңдерші! — дегені...

Кешкісін Айдар қолына бір десте гүл алып, Нұргүлге келді.

— Екеуміз де жас емеспіз. Бірақ, мен сенімен тағы да бір жарты ғасырбірге өмір сүргім келеді. Балалар да сені жақсы көреді. Соза беріп қайтеміз? –деді. Нұргүл үнсіз басын изеді.

 

***

— Апа, ертегі айтып берші, — деді құшағына тығыла түскен Арман.

— Жоқ, апа, менімен қуыршақ ойнашы! — деді онымен жағаласып Ақерке де.— Ал менің қарным ашты!

— Мен үй тапсырмасын орындай алмай жатырмын, көмектесіп жіберіңізші,апа!

Жан-жақтан жамыраған балаларының бәрін бауырына қысқан Нұргүлешқайсысына ренжімей, барлығының бабын табуға тырысып жатты. Бәрі өзініңбалалары сияқты...

 

***

Бір күні таңертең бір хат келді. Онда Айдардың бірінші әйелі баласынбосану үстінде қайтыс болғаны, ал тірі туылған сәбиді не істерін білмей жатқаныжазылыпты. Бұл үйдің мекенжайы марқұмның жеке құжаттарының арасынан шықсакерек.

Айдар бұған «не істейміз?» дегендей жалынышты жүзбен қарады. Оның олбаланы да далаға тастағысы келмей тұрғаны айдан анық еді.

— Алаңдама, барып алып кел, «бір жетім қозы туса, бір жусанның басыайыр шығады» деуші еді, оның да өз несібесі бар шығар. Алып кел, — деді Нұргүл...

Кешкісін күйеуі кеткен соң, балалары әлдеқайдан бір альбомды алыпшығып, туған аналарының суретін қарай бастады. Олар өлім дегеннің не екенінқайдан білсін, бірақ ең жақын адамдарынан айырылғанын бәрі де түсінетін сияқты.

Нұргүл суретке қарап, тілін жұтып қоя жаздады. Шүпірлеген балалардыңортасында отырған – өзінің туған қызы Мәриям еді...

Балалар ұйықтаған бойда альбомды қайта алып, ақтарып отырып, көз жасынаерік берген Нұргүл ту сыртынан Арманның келіп қарап тұрғанын байқамады. Міне,мынау Мәриямның 4-5 жасар кезі. Құдайым-ау, Ақерке көздері бақырайып, анасынанаумай қалыпты ғой! Бұрын қалайша білмеді, жүрегі неге сездірмеді екен? Ертерек білгеніндеөз немерелеріне өгей шеше болмас еді ғой! Құдай-ай, енді не болады?

Арман мысықтабандап келіп, алдына тағы бір суретті қойғанда селк етеқалды. Бұл өзінің қызымен бірге мектеп бітірген кезінде түскен суреті болатын.Артында «Мен анаммен бірге» деп жазылыпты. Бәрі түсінікті болды. Енді мұныбалаларға қайтіп түсіндірмек?

— Мен бәрін білемін, — деді Арман сыбырлап. — Сізді көргеннен бері…

Нұргүл ұялғаннан жерге кіріп кетердей болып екі алақанымен бетін жабаберді.

— Апа, ант етейін, мен бұл туралы ешкімге айтпаймын. Тек ешқайдакетпеңізші! Бізге сізден басқа ананың керегі жоқ, бізді сіз сияқты ешкім жақсыкөре алмайды, — деген Арман Нұргүлді құшақтай алып, солқылдап жылапжіберді. 

— Бірақ… мен сендердің әжелеріңмін ғой. Бұлай болмайды ғой, құлыным...

— Мен үшін менің анам – сізсіз. Бізді тастап кетпеңізші, жалынамын,апа! Сіз кетсеңіз, әкем алып келуге кеткен кішкентай қарындасымыздың күні неболады, оны кім өсіреді, осыны ойладыңыз ба, апа? Кетпеңізші!

Туа сала ана уызына жарымай жетім қалған ең кішкентай немересі есінетүскенде, Нұргүлдің көз жасы өз-өзінен құрғап сала берді. Иә, оның жазығы не?Оның өзінен басқа кімі бар? Мына шүпірлеген немерелерінің не жазығы бар? Өзіненбасқа кімге керек бұлар? Өзінің де бұлардан басқа кімі бар?

Ойлана келе ақыры бір шешімге нық бекінді: Жаратқаны маңдайына осыныжазған екен, демек қызы үшін де, өзі үшін де осы балаларға ана болып,өсіріп-жетілдіреді. Қызының да, өзінің де қателігін осылай түзейді. Ал қалғанықұпия болып қала берсін...

Дәлізде балалардың тыпырлаған аяқ дыбыстары естілді. Жүгіріп шығып еді,асүйдің есігіне телміріп, тізіліп тұр екен.

— Әй, сендер не істеп тұрсыңдар мұнда? — Кірпігіне ілініп қалған жастамшыларын тез-тез сүртіп, ең кішкентай Ақеркені көтеріп алды. — Неге ұйықтамайжүрсіңдер?

— Анашым, біз қолқып жатылмыз, қасымызға жатшы! — деді Ақеркекіп-кішкентай топ-томпақ қолдарымен Нұргүлдің бетінен аялай сипап. Сосын екіқолымен мойнынан орай, қатты қысып құшақтап алды.

Арман көзінің қиығымен Нұргүлге ұрлана қарап қойды. Мұны байқаған Нұргүлде оған көзін қысып, жымиды да, барлығын кезек-кезек бауырына қысып, еркелетіп,маңдайларынан сүйіп шықты.  — Жандарым менің, мен сендердің бәріңді жақсы көремін. Мен сендерді ешкімгебермеймін, мен барда ештеңеден қорықпаңдар, — деп күбірледі ол бәрін құшағынасыйғызуға тырысып жатып.

— Ал мен суретті ешкім көрмейтін жерге тығып қояйын, — деп Арман даНұргүлге қарап жымыңдап қойды...

 

***

Айдар бірнеше күннен кейін жаңа туылған сәбиді құшақтап қайтып оралды.Өзі кіп-кішкентай, тіпті қолға ұстаудың өзі қорқынышты. Бірақ, осы бір уысшарананың бетінің жартысын алып жатқан үлкен қара көздеріне қараған сайынМәриямды көргендей болатын Нұргүл оған өз қызына бере алмаған бармейір-махаббатын төгуге тырысты. Әрине, бұрын да алты баланың әуресі азболмайтын, енді тіпті жұмысы көбейді. Бірақ, күйеуі қолынан келгеншекөмектесуге дайын, әрі балалар да қолғанат болуға жарап қалған. Әсіресе, Армансабақтан келе сала жүгіріп жүріп үйді де жинап тастайды, баланың жөргегінауыстырып, қолынан тастамай көтеріп жүретін де сол. Басқа балалар дақұлдыраңдап анасының айтқанын екі етпейді. Қанша шаршаса да, солардыңбылдырлаған тілі мен тәтті қылықтарына қарап, Нұргүлдің жаны жадырай түседі...

 

***

Арада бір жыл өтті. Осы бір жылда бұлардың бақыты артпаса, кеміген жоқ.Балалар өскен сайын тар пәтерге сыймасын түсінген соң, Нұргүл Айдарға айтып,оның екі бөлмелі пәтері мен өзінің бір бөлмелі пәтерін сатқызды. Бұл ақшағаекеуі қаланың шетінен үлкен жер үй сатып алды. Ауласы кең, мәуелі бақшасы барүйге алғаш көшіп келгенде, балалардың қуанышында шек болмады. Асыр сала ойнап,кешке дейін үйге кірмей қойғанын айтсайшы. Сосын одан бөлек жиған-тергенақшаларына ұсталған, ескілеу болса де жеңіл көлік сатып алды. Айдар қаладағыжұмысына енді қиналмай, өз көлігімен барып-келетін болды. Жұмыстан қолы қалтетсе, жеміс ағаштарын күтіп, көкөніс егіп, тырбаңдап жүргені. Балалар да оғанкөмектесіп мәз. Биыл мол өнім алатын түрлері бар.

Ал Нұргүл мұнда да үйренген жұмысынан қол үзбей, балалардың киімдерінөз қолымен тігіп бергенімен қоймай, сырттан тапсырыс алып, азын-аулақ ақша табабастаған. Бір сөзбен, төрт құбыласы түгел.

 

***

Демалыс күні Айдар түскі асын ішіп отырып, Нұргүлге бір хабардыжеткізді.

— Бүгін менің бір ескі досым хабарласты. Бала кезімізден бірге өсіп,бір мектепте, сосын бір университетте оқыдық. Кейін олар отбасымен Астанаға көшіпкеткен. Бірақ, осында келген сайын менің үйіме соғып, балалардың жағдайын біліпкетіп тұрады. Ертең ол жұмыс бабымен Талдықорғанға өтіп бара жатып, осындабіраз аялдайды екен. Қырсыққанда, ертең менің шұғыл бір жұмысым шығып тұр,қанша тырыссам да, босай алмайтын түрім бар. Қонақты өздерің бірдеңе етіп күтіпалуларыңа тура келеді. Мен босаған бойда келемін, — деді ол. Нұргүл Айдардыңжолдастарының жаманын көрген емес. Өзі жоқта талайын күтіп алып, шығарып салыпүйренген. Сондықтан, бұл жолы да басын изеп, жымиды да қойды...

Ертесіне қақпаның алдына такси келіп тоқтағанда, есігінен алдыменбалаларға базарлық салынған үлкен қалталар, сосын көзілдірік таққан сымбаттыжігіт ағасы көрінді. Балалар қонақты бірден танып, жамыраса жүгіріп барып,мойнына асылды.

— Қане, көрсетіңдер жаңа үйлеріңді, қалай орналастыңдар? – деп қақпадандабырлай кірген жігіт ағасы есік алдында күтіп тұрған Нұргүлді көріп, қаққанқазықтай тұрып қалды. — Дәурен! — Нұргүл де оны жазбай таныды. — Кездесу деп осыны айт!«Мүлдем өзгермепті», — деп ойлап қойды ішінен. Сол баяғыдай сымбатты да сұлужігіт, тек самайын аздап қырау шалғаны болмаса...

— Демек, менің досымның жаңа әйелі сен екенсің ғой? — Қонақтың көңілдідаусына әлдебір мұң мен өкініш дірілі араласқандай...

 

***

Балалар жүгіріп жүріп, даладағы үлкен алма ағашының түбіндегі сәкігедастархан жайып, үстін апасының пісірген тәтті-дәмдісіне толтырып тастады.Сосын бәрі отырып шай ішті. Дәурен балаларға ананы-мынаны айтып, күліп отырғандайболғанымен, көзінің астымен ұрлана Нұргүлге қараумен болды.

— Ал мен сені көп іздедім, — деді ол балалар орындарынан тұрып, ойнапкеткен соң. — Қазір әйелім, ұлым, қызым бар. Бірақ, үнемі сені ойлап жүремін.Мен тіпті қызыма сенің есіміңді қойдым, сәл де болса сені есіме салып жүрсіндеп...

— Біткен жараны тырнап қайтесің? — деді Нұргүл. — Өткен өтті, енді онықайтара алмайсың…

Шынында, ол ендігі өзіне қасірет сыйлаған алғашқы махаббатын да,жалғыздықпен өткен өмірін де біржола сызып тастап, жаңа өмірінен бақыт тауыпүлгерген еді. Сондықтан, қазір Дәуренді тек қонақ ретінде, күйеуінің досыретінде және балаларының жақсы көретін ағасы ретінде ғана қабылдап отырғаны расболатын.

— Сені жолықтырған Айдардың бағы бар екен, — деді Дәурен. — Сен мықтыәйелсің. Рас айтам, жеті бірдей бөтен баланы өзіңдікіндей бауырыңа басудеген… Олардың сені жақсы көретінін байқап отырмын...

— Бөтен емес, өзімдікі, — деп түзетті Нұргүл. — Олардың бәрі өзімдікі,туған балаларым…

Ол қызы туралы, бұлардың бәрі Дәуреннің де туған немерелері екені жайлыайтқысы келді. Бірақ бұл құпияны өле-өлгенше сақтауға Арманға уәде берген,сондықтан, ештеңе айтпады.

Бір кезде сағатына қараған Дәурен кетуге жиналды. Қоштасып тұрып:

— Досымды қатты көргім келіп еді, үйде болмағаны өкінішті… — деді.Тағы бірдеңе айтқысы келгендей, біраз есік алдында кібіртіктеп тұрды да:

— Жақында осында қайта көшіп келетін ойым бар. Егер қарсы болмасаң, бұлүйге енді жиі қонақ болып тұрамын. Досымның балаларын өзімнің туғанымдай жақсыкөремін, ал енді олар маған бұрынғыдан да жақын..., — деді.

Сырттағы такси безілдеп белгі берген соң, тез-тез басып шыға бергенДәурен қақпаға жақындай бере тағы кілт тоқтады.

— Сосын... Айдарға екеуміздің таныс екенімізді айтпай-ақ қой. Меноны жақсы білемін, тағы қызғанып жүрер. Бәрі өткенде қалсын, — деді...

Көлік келесі көшеге бұрылып кеткенде, Нұргүл өмір бойы еңсесін езіпкелген ауыр бір жүктен құтылғандай, терең күрсінді.

Тегтер: