Қарағанды облысында тас жолда 19 көлік соқтығысты
Қарағанды облысында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Тас жолда 19 көлік соқтығысты
23 қаңтарда сағат 10:30-дан бастап Екатеринбург-Алматы тас жолының қайта құру учаскесінде (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855-ші шақырымдар) Балқаш-Қарағанды бағыты бойынша көлік қозғалысы ашылды. Мұндай шешім ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналуына байланысты қабылданған. Қозғалыс Қарағанды облысының әкімшілік полиция басқармасы және «ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
"Сағат 12:30-да осы учаскеде 1630-шы шақырымда 19 автокөліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың алдын ала себебі - жылдамдықты және қауіпсіз қашықтық сақтамау», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».