Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:45

Қарағандылық спортшылар джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

1

Грецияның Крит аралында орналасқан Ираклион қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. 

Бұл турнирге әлемнің 69 елінен 970-тен астам спортшы қатысты, олардың арасында Қазақстан құрамасының өкілдері өз шеберліктерін сәтті көрсетті. Біздің құрама ересектер арасындағы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Чемпионатқа Қарағанды облысынан 12 спортшы қатысты. Жерлестеріміздің есебінде он медаль бар!  

!

Алтын жүлдеге ие болғандар:

Абаев Асанәлі (NEWAZA SYSTEM)

Амзе Аяна (CONTACT SYSTEM)

Таджиева Шахноза (CONTACT SYSTEM).

1

Әлем чемпионатының «күмісін» жеңіп алғандар:

Мырзабеков Ерназ (NEWAZA SYSTEM)

Шкурапат Варвара (NEWAZA SYSTEM)

Қуанышбеков Жандос (No-GI)

Қола медальмен марапатталғандар:

Алматай Жігер (NEWAZA SYSTEM)

Сағындық Асылмұрат (NEWAZA SYSTEM)

Нұртақанов Олжас (No-GI)

Салықова Ажара (No-GI).

1

Джиу-джитсу - бұл Қазақстанда үлкен танымалдылыққа ие болған және жастарды көбірек тартатын жекпе-жек өнерінің бір түрі. Осы спорт түрі 2023 жылғы XIX жазғы Азия ойындарының бағдарламасына ресми түрде кірді - мұндай шешім Банкоктағы Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас Ассамблеясының отырысында қабылданды. Бұл джиу-джитсудың әлемдік деңгейін білдіреді және жақын арада олимпиадалық спорт түріне айналуға мүмкіндік береді.

1

Қарағандылық джитсерлер халықаралық жарыстарда үнемі жүлделі орындарға қол жеткізіп, Азия және әлем чемпионаттарының медальдарына ие болуда. Міне, бұл жолы да олар үйге марапаттармен оралмақшы. Құттықтаймыз!