Қаржаубай Нұрымов марқұм інісінің басында жарақат ізі болғанын айтты
9 желтоқсан күні марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі Талғар қаласының шетінен табылды. Полиция 30 жастағы азамат суицид жасады деп болжап отыр.
Бірақ марқұмның туыстары бұған сенбейді. Марқұмның ағасы Қаржаубай Нұрымов Нұрғанаттың сүйегін қалай тапқанын айтып, істің күмәнді тұстары бар екенін хабарлады.
Ол бұл туралы ТикТок әлеуметтік желісіне видео және жариялады. Бір суретте марқұм Нұрғанаттың құлағының артында соққы ізі бар екені көрінеді.
Видеода Қаржаубай Нұрымов інісін зират маңындағы жардан тапқанын айтады. Оның айтуынша, інісі машинасын қойып, жаяу біршама жол жүрген. Туыстары оны талға асылып отырған жерінен тауыпты, мойнында жіп болған, бірақ дене асылып емес, жерде тұрған. Оның үстіне мойнындағы жарақат тек бір жағында ғана болғанын айтады.
Қаржаубай Нұрымов видеода осы фактілерді айта отырып, інісі суицид жасады дегенге сенбейтінін аңғартты.