Қаржаубай Нұрымовқа қылмыстық іс қозғалды
Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы адвокат Асқар Қаймақов хабарлады.
«Біздің өкілдер полицейлерден Қаржаубайды ұстауды сұрамады. Содан соң полицияның Нұрғанаттың жеке хаттарын жариялауға туыстары келісім бермеді. Қаржаубайға 15 тәулікке қамау тағайындаған сот қаулысы заңсыз деп санаймыз. Сот барысында өрескел заңбұзушылықтарға жол берілді. Бұл шешімге апелляциялық тәртіпте шағымдандық. Бүгін Қаржаубай Нұрымовқа қатысты полиция ҚР ҚК 202-бабы («Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша соталды тергеуді бастады» деп жазды адвокат», - деді Асқар Қаймақов.
Полицейлер Шерзат Полаттың әкесін 10 желтоқсанда ағасын жерлеу кезінде оның отбасы мен адвокаты талап еткенін айтып, ұстаған.
Айта кетейік,Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі қоғам арасында резонанс тудырды. Оны 4 қазанға қараған түні бір топ жігіт әке-шешесінің көзінше ұрып, пышақтап өлтіріп кетті. Қылмыс жасады деген күдікпен 11 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Азат ауылында Шерзат Болаттың отбасының үйі өртенді. Бас прокуратура үйді өртеп жіберген жауаптыларды табуға уәде берді.
Кейін желіде «Хутор бригадасының» басшысы атанған Хасан Қасымбаев мәлімдеме жасады. Ол Талғар тұрғындарының өзі туралы жазған желідегі пікірлерін жалған деп атады. Содан соң Хасан Қасымбаевтың өзі ұсталып, екі айға қамалды. Бірақ ІІМ оның басқа іс бойынша қамалғанын мәлімдеді.
9 желтоқсанда Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.
"Ақпараттарға сәйкес, ол өз өзіне қол салған. Марқұм биыл 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында криминалдық сипаттағы қандай да бір іс-әрекеттер анықталмады", - делінген хабарда.
Бірақ туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін мәлімдеді.
Нұрсана Қанағатқызы, ҚазҰУ, журналистика факультетінің 3- курс студенті