Live

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Астанада өтетін ЕАЭО шараларына қатысады

28 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Астанада келіссөздер өткізеді.

Тоқаев пен Путин

Мемлекет басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективаларын талқылайды. Сонымен қатар тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, өнеркәсіптік кооперация және гуманитарлық байланыстар мәселелеріне тоқталады.

Келіссөздер барысында Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерге де ерекше назар аударылмақ. 28 мамырда Астанада ЕАЭО елдері лидерлерінің қатысуымен экономикалық форум өтеді.

29 мамыр күні Тоқаев пен Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Онда одаққа мүше мемлекеттер басшылары ынтымақтастықтың алдағы бағыттары мен негізгі интеграциялық жобаларды талқылайды.

Владимир Путин Қазақстанға бұған дейін 2024 жылдың қараша айында мемлекеттік сапармен келген болатын. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барған. Сонымен қатар екі президент ТМД және ЕАЭО саммиттері аясында, оның ішінде Санкт-Петербургте бірнеше рет кездесіп, телефон арқылы да байланыс жасап отырған.

Екі ел басшыларының соңғы жеке кездесуі 9 мамыр күні Мәскеуде Жеңіс күніне арналған іс-шаралар кезінде өткен еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз