Қаскелеңде бір топ жасөспірім екі ер адамды соққыға жықты
Алматы облысының Қаскелең қаласында мас күйде болған бір топ жасөспірім екі ер адамды соққыға жықты.
Оқиға Оторвановка ықшамауданында болып, бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, зардап шеккен азаматтар ауданға жақсы таныс, бұрын ешкіммен жанжалға түспеген.
Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысқан барлық жасөспірімдердің жеке басы анықталғанын хабарлады. Олар полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарына балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жолданған.
Ал оқиғадан зардап шеккен екі ер адам жасөспірімдерге қатысты полицияға арыз жазудан бас тартқан.