Каспий теңізінің жағалауынан 173 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылды
Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Каспий теңізінің жағалауынан бекіре тұқымдас 173 балықтың өлексесі табылды. Олардың қырылу себебі анықталып жатыр.
Өлген балықтар жағалау аумағын мониторингтеу кезінде анықталған. Тексеру жұмыстарына балық инспекциясының, полицияның және өңірлік экология департаментінің қызметкерлері қатысты.
Мамандар ықтимал себептерді анықтау үшін теңіз суынан сынама алып, зертханалық талдауға жіберді.
Маңғыстау облысының экология департаменті зерттеу нәтижелері қосымша жарияланатынын хабарлады.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.