Әлеумет

Каспий теңізінде жоғалған ер адамды іздеу төртінші тәулікке жалғасып жатыр

Маңғыстау облысында Каспий теңізінде жоғалып кеткен 27 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары төртінші тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.

1

 Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 1999 жылы туған азамат Каспий теңізінің жағалауындағы шомылуға арналмаған жерде суға түсу кезінде жоғалып кеткен.

Құтқару-іздестіру операциясы тәулік бойы жалғасуда. Іздеу жұмыстарына теңіздегі күшті толқын, ағыс, су астындағы нашар көріну және іздеу аумағының кеңдігі кедергі келтіруде.

Операцияға 40-тан астам маман, жүзу құралдары, арнайы техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары, сүңгуір жабдықтары және авиация жұмылдырылған.

Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, Маңғыстау облыстық ТЖД, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, полиция және YKK Kazakhstan LLP компаниясының мамандары қатысып жатыр.

Ер адамды іздеу жұмыстары теңіз үстінде, әуеден және жағалау бойында жүргізілуде. Сонымен қатар сүңгуірлер теңіз түбі мен жағалауға жақын су айдынын тексеріп жатыр.

Тегтер: Каспий
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз