Live

Каспий жағалауынан ондаған итбалықтың өлексесі табылды

Каспий теңізі жағалауында, Кулалы аралы маңынан ондаған итбалықтың өлексесі анықталды.

Итбалық

Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Қырылған сүтқоректілерді тексеру жұмыстары Маңғыстау облысында жүргізілген мониторинг барысында табылған. Инициатива ерікті әрі экоактивист Данияр Акимжанов тарапынан көтерілген.

Оның айтуынша, зерттеуге уәкілетті органдар өкілдері мен гидробиология және экология институтының мамандары қатысқан. Қатысушылар бірнеше сағат бойы аралдың жағалау аймағын жаяу аралап шыққан.

Нәтижесінде 37 итбалықтың өлексесі табылған. Оның жетеуінен сараптама жүргізу үшін қажетті сынамалар алынған.

Еске салсақ, өткен аптада Баутин косасы мен Форт-Шевченко маңында жүргізілген мониторинг кезінде 191 итбалықтың өлексесі табылған еді.

Тегтер: итбалық
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз