Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:05, 12 Қараша 2024

Каспий жағалауында итбалықтармен қатар су құзғындары да қырылып жатыр

Су құзғын
Фото: ашық дереккөз

Итбалықтармен бірге су құзғындары да қырылып жатыр. Құстар бекіре тұқымдас балықтарды аулау үшін орнатылған балық аулау торларына ілініп қалады.

 

Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы құстардың қырылуы браконьерлердің ісі деп мәлімдеді.

"Қазір құстардың көші-қоны жүріп жатыр, олар балықпен қоректенеді. Құстар абайсызда  заңсыз орнатылған балық аулау  торына түсіп қалады, біз екеуін құтқарып қалдық. Бірақ су құзғынның үшеуі өлді. Заңсыз балық аулаған жергілікті балықшылардың кейбірі өз ауылының маңында ауларын тастап кеткен", - дейді облыстық балық шаруашылығы инспекциясының маманы Андрей Руцкий.

Су құзғыны Түпқараған ауданында кеме каналынан 500 метр жерде табылған. Руцкийдің айтуынша, Каспий теңізіндегі браконьерлердің әрекетінен құстар ғана емес, итбалықтар да қырылып жатыр.

Бұған дейін сарапшы Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуының ықтимал себептерін атаған. Маманның айтуынша, итбалықтар түрлі себептен өлген болуы мүмкін: жер сілкінісі, табиғи газдың шығуы, теңіздің ластануы, індет. Қазіргі күнде қырылған итбалықтардың саны 850-ге жетті.  Кешеден бері Ақтаудағы демалыс базаларынан бастап Құрық портына дейінгі аралықтан тағы 115 итбалықтың өлексесі табылған.

Тегтер: