Әлеумет

Каспий жағалауында итбалықтардың өлексесі табылды

Маңғыстау облысында Каспий итбалықтарының қырылу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.

Итбалық

Облыстық балық шаруашылығы басқармасы теңіз жағалауынан өлі итбалықтардың табылғанын растады.

13 қазанда жануарлар дүниесін қорғау қызметінің мамандары Түпқараған ауданының Баутинск қайраңынан Асан елді мекеніне дейінгі жағалау аумағын тексерді. Нәтижесінде әртүрлі деңгейде шіріген 15 итбалықтың денесі анықталды.

Мамандар жануарлардың неден өлгенін анықтау үшін биологиялық материалдар мен теңіз суынан сынама алып жатыр. Ал коммуналдық қызмет өкілдері өлекселерді жинап, тасымалдау және жою жұмыстарын жүргізуде.

Еске салайық, 11 қазанда Баутино жағалауынан өлі итбалықтарды жергілікті тұрғындардың бірі байқаған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз