Live

Кәсіпкер Нұрлан Артықбаев «Қазақтелекомдағы» үлесін «Самұрық-Қазына» қорына сатты

Кәсіпкер Нұрлан Артықбаевқа тиесілі TelecomSystems Ltd компаниясы «Қазақтелекомның» акционерлері қатарынан шықты. Компанияға тиесілі 8,9% жай акцияны «Самұрық-Қазына» қоры сатып алған.

Нұрлан Артықбаев

Мәліметке сәйкес, TelecomSystems Ltd бұл 983 мың акцияны 2024 жылдың соңында Jusan Bank-тен (қазіргі Alatau City Bank) сатып алған болатын. Ал банк аталған үлесті 2023 жылдың қыркүйегінде, Ғалымжан Есеновтің бақылауына өткеннен кейін иеленген. Ол кездегі мәміле құны 32 млрд теңгеден асқан. Биыл сәуірде «Самұрық-Қазына» қорының «Қазақтелекомдағы» үлесі 91,27%-ға дейін өскені белгілі болған еді.

Сол кезде сарапшылар қордың TelecomSystems Ltd иелігіндегі акцияларды сатып алғанын болжаған. Енді бұл ақпарат расталды. Нұрлан Артықбаев Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі саналады. Ол 21-орында тұр, ал оның байлығы 508 млн доллар деп бағаланған. Кәсіпкердің негізгі бизнесі құрылыс саласында шоғырланған. Сонымен қатар бұған дейін оның Kcell акциялар пакетіне бақылау орнатқаны хабарланған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз