Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:39, 01 Қараша 2023

Қаза тапқан кеншілердің табысы қанша болған

бд
Фото: из открытых источников

Вице-премьер министр Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жалақысын жариялады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

«Цифрлық отбасы картасы бойынша олардың жалақысы туралы мәліметтерді қарадық. Жалақылары 300 мыңнан 1,6 миллион теңгеге дейін, өйткені олардың арасында жас жұмысшылар да, жұмысқа жаңадан келгендер де бар. Біліктілігі мен атқарған функционалдылығына байланысты, жалақыларында осындай алшақтық бар», - деді Дүйсенова үкімет отырысында.

Ол кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралатынын айтты.

«Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін жүзеге асырғаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған. Өткен жылдары инфляция деңгейінде олар өндіріс көлемі тұрғысынан қарастырылған», - деді вице-премьер.