Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:49, 20 Қараша 2023

Қазақ-қырғыз шекарасында тағы да 500 жүк көлігі жиналып қалды

шекара
Фото: из открытых источников

Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы «Ақтілек-автодорожный» өткізу пунктінде жүк көліктері тоқтап қалды. Бұл Қазақстан-Қырғыз шекарасы мәлімдеді. 

Өткен тәулікте Қырғызстаннан Қазақстанға жалпы саны 280 автокөлік кірген. Ал бүгінгі 20 қараша 11.00-дегі жағдай бойынша, «Ақтілек-автодорожный» бақылау-өткізу пункті алдында шекара тексерісінен өту үшін 500 жүк көлігі кезекте тұр. 

«Өткізу пунктінде жүк көліктерінің жиналып қалуы – маусымдық жағдай. Оған Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері, халық тұтынатын тауарлар экспортының артуы себеп болады. Сонымен қатар жануарлар мінген және тез бұзылатын өнімдері бар жүк көліктері өткізу пукнтінен кезексіз өтіп жатыр. Қазақстан мен Қырғызстаның шекара қызметі тарапынан жүк көліктеріне ешқандай шектеу қойылған жоқ. Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасының барлық өткізу пункті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр» делінген хабарламада.