Қоғам

Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы елшісі атанды

АҚШ Сенаты Әсел Робертстің Словениядағы елші қызметіне кандидатурасын ресми түрде мақұлдады. Оны 46 сенатор қолдап дауыс берсе, 43 сенатор қарсы болған.

Әсел Робертс

Әсел Робертстің кандидатурасын АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған. Ол наурыз айында Сенат комитетіндегі арнайы тыңдаудан өткен еді.

Әсел Жамбыл облысында дүниеге келген. Балалық шағы мен мектептегі жылдары Алматыда өтіп, кейін отбасымен бірге АҚШ-қа көшкен. Америкада мектеп бітіргеннен кейін Georgetown University университетінің халықаралық қатынастар факультетіне оқуға түскен. Студент кезінде Ақ үйде тағылымдамадан өтіп, кейін АҚШ мемлекеттік қызметінде еңбек жолын бастаған. Ол Ақ үйдегі мансабын Барак Обама әкімшілігі тұсында бастап, кейін Джо Байден кезеңінде де қызметін жалғастырды.

Әсел әр жылдары АҚШ-тың мемлекеттік протокол жүйесінде жоғары лауазымдарда жұмыс істеп, 2021 жылы протокол қызметі басшысының міндетін уақытша атқарған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз