Қоғам

«Қазақмыстың» Қарағанды облысындағы шахтасында екі жұмысшы қаза тапты

«Қазақмыс» тобы Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға орын алғанын хабарлады.

ы

Кәсіпорын мәліметінше, шахтада көміртегі газы бөлінген. Барлық жұмысшылар жедел түрде эвакуацияланғаны айтылған.

Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды, делінген хабарламада.

Бұл ретте Қазақмыс қанша адамның ауруханаға жіберілгенін нақтыламады. Ал, Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы «ҚазАқпарат» агенттігіне үшінші кеншінің қатты уланғанын хабарлады. Қазір ол Балқаш қаласындағы ауруханада жатыр.

Тегтер: Қазақмыс
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз