Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:41, 25 Сәуір 2024

«Қазақстан халқына» қоры су басқан өңірлерге 214 үй салатынын мәлімдеді

в
Фото: из открытых источников

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 114 үй және Солтүстік Қазақстан облысында 100 үй салады. 

Бүгін тиісті меморандумдарға қол қойылғаны айтылды.

Сондай-ақ, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында құрылыс үшін ауылдар мен аумақтар анықталып, тиісті меморандумдарға қол қойылады. Бұған дейін Қордың Қамқоршылық кеңесі ел бойынша үйлердің құрылысына 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекіткен болатын. Қосымша, бұл мақсатқа 1-30 сәуір аралығында жиналған ерікті қайырымдылықтардан түскен қаражат бағытталады. 24 сәуірдегі көрсеткіш бойынша қордың шоттарына 2,9 млрд теңге түсті, деп хабарлады ОКҚ.

Фото: Ортком

Тегтер: