Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:09, 16 Ақпан 2024

Қазақстан қаңтарда мұнай өндіруді өз еркімен қысқарту бойынша ОПЕК+ алдындағы міндеттемелерін орындамады

мұнай
Фото: из открытых источников

2023 жылғы 30 қарашада өткен ОПЕК+ министрлерінің 36-шы отырысында Қазақстан өз еркімен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап наурыз айының соңына дейін тәулігіне 78 мың баррель деңгейіндегі міндеттемелерге қосымша өндірісті 82 мың баррельге қысқартуға уәде берді. Алайда, 2024 жылдың 14 ақпанында елдің Энергетика министрлігі жаңа жылдың бірінші айында міндеттемелерді орындамағанын мойындады.

2024 жылғы қаңтарда міндеттемелердің асып кетуіне қарамастан, Қазақстан алдағы төрт айда артығымен өндірілген өнімнің орнын толтырады және өзінің өндірістік міндеттемелерін орындауды жалғастырады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Энергетика министрлігі бір ай бұрын 2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда 0,3 миллион тоннаға артық мұнай өндіріледі деп мәлімдеген. Алайда, министрліктің бұл уәдесі соңғы мәлімдемесіне сәйкес келмейді.

Енді министрлік өндірістің орнын толтыруды алдағы төрт айға жоспарлап отыр.

   Нұрбике Бексұлтан

Тегтер: