Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен кетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовті Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатты.
Тиісті Жарлыққа 31 тамызда қол қойылды.
Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келді. Бұған дейін Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған.
2019-2022 жылдары Нұрдәулетов Қазақстанның Бас прокуроры қызметін атқарды. Оған дейін Бас прокурордың бірінші орынбасары болды. Сондай-ақ прокуратура органдарында, Мемлекеттік тергеу комитетінде және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен.
Бұл кадрлық шешім Қауіпсіздік кеңесі аппаратының мәртебесі өзгергеннен кейін қабылданып отыр. 29 тамызда Президент Жарлығымен Қауіпсіздік кеңесінің аппараты Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып құрылды.