Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бірігіп ГЭС салады
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетика министрлері Қамбар ата ГЭС-1 жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін келісімге қол қойды.
Дүйсенбі күні Венада (Аустрия) Қырғызстанның Дүниежүзілік банкпен және Австрия үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған Халықаралық энергетикалық инвестициялық форумы басталды.
Форумның негізгі тақырыптарының бірі Қамбар ата ГЭС-1 құрылыс жобасы болды. Осы жобаны жүзеге асыруға арналған арнайы сессия аясында Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Қырғыз Республикасының энергетика министрі Талайбек Ибраев және Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов Қамбар ата ГЭС-1 құрылыс және пайдалану жобасын дайындау бойынша ведомствоаралық келісімге қол қойды.
Алдын ала ережелер арасында: Қырғыз Республикасының аумағында келесі жобаға қатысу үлесімен және Қоғамның жарғылық капиталына қатысумен жоба аясында жеке акционерлік қоғам құру: қырғыз тарапы– 34%, қазақстан тарапы – 33% және өзбек тарапы – 33%; мемлекеттер тарапынан анықталған көлемде өндірілетін электр энергиясын кепілді сатып алу және т.б. бар, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Халықаралық форумға қатысу аясында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда электр энергетикасы жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Австрия өнеркәсіпшілер қауымдастығының президенті, Siemens Austria компаниясының өкілдері, Gas Connect Austria және басқалармен кездескені айтылады.