Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:40, 12 Қараша 2024

Қазақстан көктемде Орталық Азия елдерінен 11 миллиард текше метр су алады

суармалы су
Фото: из открытых источников

Бұл су Қазақстанның оңтүстік аймақтарын 2025 жылғы суару маусымына арналған сумен қамтамасыз етеді.

Қазақстанға 2025 жылдың сәуіріне дейін Сырдариядан 11 миллиард текше метр су беріледі деп уәде етілген. Мұндай шешім Ашхабадта өткен жиында қабылданған.

Министр Нұржан Нұржігітов Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдерімен келіссөздер жүргізген. Қырғызстан бақылаушы ретінде қатысқан.

Жоспар бойынша 1 сәуірге дейін Шардара су қоймасына қажетті мөлшерде су жіберіліп, Қазақстанның оңтүстік облыстарын 2025 жылғы суару маусымына арналған сумен қамтамасыз етеді.

"Биыл келіссөздер мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде біз Сырдария өзені бассейнінде суды тиімді бөлуге қол жеткіздік. Сондай-ақ, 86-шы отырыс қорытындысы бойынша бірлесіп атқарылған жұмысқа оң бағамды бергім келеді. Атап айтқанда, Қырғызстанмен су-энергетикалық ынтымақтастық туралы келісімдер жүзеге асырылды, сондай-ақ биыл суару маусымында «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс кестесін үйлестіру бойынша іс-шаралар қабылданды",– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов., - дейді су ресурстары және ирригация министрі Нұржігітов.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар Сырдария мен Әмудариядағы су қоймаларының жұмыс кестелерін бекітіп, Орта Азия елдері үшін алдағы күзгі-қысқы маусымға су беру лимитін бөлді.

Комиссияның келесі отырысы 2025 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған және ол Тәжікстанның Душанбе қаласында өтеді.