Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:55, 19 Тамыз 2024

Қазақстан мен Израиль арасында визасыз режим енгізілуі мүмкін

e
Фото: gov.kz

Қазақстан мен Израиль туризмді дамыту және визасыз режим енгізуді талқылады.

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израиль Өңірлік ынтымақтастық министрлігінің Бас директоры Гилад Шадмонмен кездесу кезінде тараптар туризмді дамыту, қазақстандық азаматтар үшін визасыз режим орнату секілді бірқатар маңызды мәселелерді талқылады, делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Д. Ембердиев екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, болашақта бұл ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдіргені айтылады.

Ал, Г. Шадмон өңірлік қарым-қатынасты нығайту, ауылшаруашылығы және басқа да түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға толықтай қолдау көрсетуге дайын екенін айтқан.