Қазақстан мен Қытай арасында 17 құжатқа қол қойылды
«Қазақстан – Қытай» форумында $629 млн-ға ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
26 маусымда Үрімші қаласында (ШҰАА, ҚХР) өткен «Қазақстан – Қытай» III аймақаралық форумы өтті. Іс-шарада $629 млн-ға ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қойылды.
Диалог алаңында Қазақстан мен Қытай өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, көлік, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады. Форумға Қазақстанның 17 облысының, ірі компаниялары мен іскер топтарының және ҚХР-дың 27 өңірінің өкілдері қатысты, делінген хабарламада.
Форум аясында $629,1 млн-ға 17 құжатқа қол қойылды. Олардың ішіндегі ең ірілері: Алматы облысы мен «TBEA» ААҚ арасында 10 қосалқы станса мен электр жеткізу желілерін салу және жаңарту, электр жабдықтарын өндіру зауытын салу туралы келісімдер, күнбағыс майын жеткізу бойынша үш келісімшарт, «Qazaq Camel» ЖШС мен Xinjang Huaken Dairy Group Co ltd арасында құрғақ түйе сүтін жеткізу туралы келісімшарттар және басқалары бар.