09:50, 26 Тамыз 2024
Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараны белгілеуге қатысты жиын өткізді
2024 жылғы 19-23 тамыз аралығында Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз қырық бірінші отырысы өтті. Бұл туралы бүгін, 26 тамызда ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырып, мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде оның сызығын белгілеуге байланысты бірқатар мәселелерді, сондай-ақ 2025 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады, делінген хабарламада.
Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы қыркүйек-қазанда Ресей Федерациясының аумағында өтеді.