Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:50, 23 Мамыр 2024

Қазақстан мен Сингапур қандай құжаттарға қол қойды?

в
Фото: из открытых источников

Сингапурға ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министр Хенг Суи Кеаттың қатысуымен бірнеше құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Ақорда мәліметінше, екі ел арасында мынадай құжаттарға қол қойылды: 

1.«Қазпошта» АҚ мен SingPost арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

2. «KTZ Express» АҚ мен Global DTC арасындағы Цифрлық дәлізді іске қосу туралы декларация;

3. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, PSA KZ Pte Ltd, KPMC Ltd және G-trans Service арасындағы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандум.

Бұдан бөлек, бизнес форум аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Forebright Capital Asia Private Limited, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және «BGI Hong Kong Tech Co., Limited арасындағы Forebright Life Science Technology Fund туралы инвестициялық келісім; 

2. «Бирюк Алтын» ЖШС мен AlDigi Holdings Pte. Ltd компаниясы арасындағы келісім;

3. Қазақстанның «Сыртқы сауда палатасы» ЖШС мен Сингапурдың өндірістік федерациясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;

4. «Caspian Group» АҚ мен China Regional Development and Planing Institute Co., Limited арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

5. «Caspian Group» АҚ мен KPMG Samjong Accounting Corp. арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;

6. «Mandarin building» ЖШС, «Singapore International School Kazakhstan» ЖШС және Kinder World International Group арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Nomadic Innovation Hub компаниясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Nomadic Innovation Hub пен Clockster арасындағы инвестициялық келісім;

9. Nomadic Innovation Hub пен Snap hunt рекрутинг платформасы арасындағы инвестициялық келісім.

Фото: Ақорда

Тегтер: