Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:49, 08 Шілде 2024

Қазақстан ОПЕК+ алдындағы міндеттерін орындауға уәде берді

P
Фото: Pixabay.com
Қазақстан ОПЕК+ алдындағы асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді.

Бүгінде ОПЕК + министрлік 37-ші кездесуі шешімінің қорытындысы бойынша, Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындаған.

Оған сәйкес 2025 жылғы қыркүйекке дейін 1-ші жартыжылдықта асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді. 2024 жылдың маусым айындағы барлық қайталама өндіріс көздерінен толық деректер алынғаннан кейін ОПЕК Хатшылығына жаңартылған өтемақы жоспары ұсынылады, делінген хабарламада.

Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салатыны айтылған. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан бұрын қабылданған ерікті міндеттемелерін 2025 жылдың соңына дейін ұзартқан болатын. 

Тегтер: