Қазақстан орташа жалақы бойынша Орталық Азияда көшбасшы деп танылды
Қазақстандағы жалақы Өзбекстан мен Қырғызстанға қарағанда екі есе жоғары, ал Тәжікстан бұл көрсеткіш бойынша әлдеқайда артта қалған.
2024 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстандағы орташа жалақы 817,2 долларды құрады. Бұл Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, деп жазды Ranking.kz. Салыстыруды жеңілдету үшін сандар доллар эквиваленттерінде берілген.
Қазақстандағы жалақы Өзбекстан (437,8 доллар) мен Қырғызстанға (411,2 доллар) қарағанда екі есе дерлік жоғары, ал Тәжікстан бұл көрсеткіште (242,8 доллар) әлдеқайда артта қалған. Түркіменстанға қатысты деректер жоқ.
Қазақстан тағы да ең төменгі жалақы бойынша бірінші орында (85 мың теңге немесе 181,1 доллар). Келесі орындардымына елдер иеленді:
- Өзбекстан — $89,4;
- Тәжікстан — $54,9;
- Қырғызстан — $28,3.
Сарапшылар Түркіменстанға қатысты мәліметтерді де тапты: ең төменгі жалақы 1410 манат немесе мемлекеттік бағам бойынша 402,9 доллар. Бұл елде 1 доллар ресми дерек бойынша 3,5 манатқа тең. Бірақ сарапшылар долларды мұндай сомаға ауыстыру мүмкін емесін айтып жүр. Сондықтан бұл елдегі төменгі жалақы 74,2 долларға тең.
Сарапшылар өткен жылдың қаңтар-қазан айларындағы Орталық Азиядағы тұтыну бағасының өсу деңгейін есептеді. Инфляцияның ең жоғары динамикасы Өзбекстанда байқалды – 7,7%. Одан кейінгі орында Қазақстан 6,6%, Қырғызстан 4,2%, Тәжікстан 3,2% тұр.