Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:05, 13 Мамыр 2024

Қазақстан Өзбекстаннан 922 млн текше метр су алады

r
Фото: из открытых источников

2024 жылдың суару кезеңінде Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Бұл туралы Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 86-шы отырысында айтылды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді.

Кездесу қорытындысы бойынша Су ресурстары министрлігі «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы суару маусымында Қазақстанға 922 млн текше метр су беру туралы келісімге келді. Бұл ретте Түркістан облысының Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су жиналғанын айта кеткен жөн. Ал, Қазақстанның оңтүстігіндегі егіс алқаптарын суару үшін су алынатын Тоқтоғұл (Қырғызстан) су қоймасына 8 млрд текше метр су жиналды, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, отырыста осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскады жұмысының болжамды кестесі бекітілгені айтылды.

МСШҮК-нің келесі отырысы осы жылдың қыркүйек айында Түрікменстанда өтеді.

Фото: ортком