Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:29, 03 Мамыр 2024

Қазақстан Тәлібтермен бірге Ресей мұнайын сатуға көмектеспек

к
Фото: из открытых источников

Қазақстан, Ауғанстан және Түркіменстан Оңтүстік Азияға Ресей мұнайын жеткізетін логистикалық хаб салғысы келеді. Бұл хабтың мақсаты Ресей мұнайын Оңтүстік Азия аймағына тасымалдауды жеңілдету болмақ.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей еуропалық нарықты жоғалтқаннан кейін, өз мұнайын сатудың балама бағыттарын белсенді түрде іздеп жатыр. Осы тұрғыда Ауғанстанда логистикалық хаб салу, сату нарықтарын кеңейту үшін перспективалы қадам болып көрінеді, деп жазады Nege.Aqsha арнасы.

Бір қызығы, соңғы жылдары Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуші үш елдің қатарына енді. Қазақтың KEBCO мұнай сорты ресейлік «Урал» маркасының маңызды баламаларының біріне айналды. Бұл Ресейдің еуропалық нарықтағы өз үлесінің бір бөлігін Қазақстанға беруіне әкелді, ал АҚШ пен Норвегия негізгі артықшылықтарға ие болған.

Бұл хабты салу туралы келісімдерге Ауғанстан, Қазақстан және Түркіменстан арасындағы өткен аптада Кабулда алты айға созылған бірлескен консультациялардан кейін өткен келіссөздерде қол жеткізілді. Екі айдан кейін тараптар келісім жобасын дайындайды.

«Герат провинциясында Ауғанстан, Қазақстан және Түрікменстан инвестицияларымен Солтүстік-Оңтүстік Азия дәлізінің сауда жолдарының қиылысында логистикалық хаб салынады», - деді «Талибан» қозғалысы уақытша үкіметінің Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуруддин Азизи.

Ол осы орталық арқылы Ауғанстанның батысындағы Ресей өз мұнайын Пәкістанға және басқа Оңтүстік Азия елдеріне жеткізе алатынын айтты.

Фото: asia24.media

Тегтер: