Әлеумет

Қазақстанда 1-сыныпқа қабылдау жаңа жүйе арқылы жүргізіледі

2026 жылы Қазақстанда 1-сыныпқа өтініш қабылдау алғаш рет OQU ұлттық білім беру платформасы арқылы жүзеге асырылады.

мектеп

Жаңа жүйе арқылы ата-аналар өтініш беріп, мектеп таңдап және қызмет көрсету барысын онлайн қадағалай алады. Қызмет пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасының басты бетіне де енгізілген.

Өтініш беру үшін азаматтар OQU платформасы арқылы кіріп, eGov немесе eGov mobile көмегімен авторизациядан өтуі қажет.

1-сыныпқа құжат қабылдау өңірлер бойынша кезең-кезеңімен жүргізіледі:

— 27 мамыр – 31 тамыз: Астана, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы;

— 10 маусым – 31 тамыз: Алматы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы;

— 18 маусым – 31 тамыз: Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент;

— 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз