Қазақстанда азаматтық алу туралы ереже бекітілді
Қазақстанда азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білу талаптары бекітілді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы №479 "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы" бұйрығы жарияланды.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде 36 (отыз алты) балдан кем емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін 9 (тоғыз) балдан кем емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын 15 (он бес) балдан кем емес білу көлемі бекітілсін.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін, делінген құжатта.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.