Live

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылатыны белгілі болды

Тимур Сүлейменов Қазақстанда бірыңғай QR-код жүйесінің іске қосылу күнін жариялады. Бұған дейін жүйені биыл іске қосу жоспарланғаны айтылған еді.

1

Ұлттық банк төрағасы Сенаттың пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде қазақстандықтар келесі айдан бастап кез келген банктің QR-коды арқылы бірыңғай жүйеде төлем жасай алатынын мәлімдеді.

— Биыл 19 шілдеден бастап банкаралық бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауының арқасында осы жылдың 1 мамырынан бастап экономиканың жаңа саласын дамытуға арналған құқықтық негіз қалыптастырылды, - деді Ұлттық банк басшысы.

Сүлейменов сәуір айында бірыңғай QR-кодтың іске қосылу мерзімін шамамен атағанымен, нақты күнін жарияламаған болатын.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстарды Ұлттық банктің өз мамандары жүргізіп жатыр. Банктер өз экожүйелерінде QR-төлемдер мен қауіпсіздік жүйелерін дамытуға қомақты инвестиция салған. Енді сол жүйелерді өзара қауіпсіз түрде біріктіру қажет болған.

Еске салсақ, былтыр жылдың соңында Ұлттық банк бірыңғай QR-код жүйесі 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай толық іске қосылады деп жоспарлаған еді.

2025 жылы Парламент «Банктер және банк қызметі туралы» заңды және қаржы нарығын реттеу мен дамытуға қатысты ілеспе түзетулерді қабылдады. Заң ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын, соның ішінде банкаралық мобильді төлемдер жүйесі мен бірыңғай QR-кодты енгізуді көздейді.

Тегтер: QR-код
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз