Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:18

Қазақстанда магистральда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұл салынады

Жол
Фото: pixabay

Қазақстанда магистральда орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл салынады.

Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген тиісті түзетулер 4 желтоқсанда күшіне енеді.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, қалааралық және республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілік енгізілген. Яғни, камераның алдында жылдамдықты азайтып, қайта жылдамдату енді көмектеспейді.

Тәртіп бұзушылар шегінен асып кеткеніне байланысты 5-тен 40 АЕК-қа дейін әкімшілік айыппұл төлеуі керек.

Бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев орташа жылдамдық бейнекамералар арқылы есептелетінін айтқан болатын.

"Жолда А нүктесіне кіресіз, В нүктесінен шығасыз, камера орташа жылдамдықты есептейді. Егер жалпы жылдамдық жоғары болса, айыппұл салынады", - деген еді ол.

Тегтер: