Қоғам

Қазақстанда тағы бір қытайлық банк ашылуы мүмкін

Бұл – China Construction Bank. CCB – Қытайдағы ең ірі мемлекеттік коммерциялық банктердің бірі. Банк 1954 жылы құрылған, штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан.

банк

Қазір оның Қытайда мыңдаған бөлімшесі бар, ал шетелде 30-дан астам ел мен өңірде 200-ден астам құрылымы жұмыс істейді. Айта кетейік, CCB Қазақстан нарығына жаңа компания емес. Оның Астанадағы филиалы Астана халықаралық қаржы орталығының лицензиясы негізінде жұмыс істейді.
Филиал корпоративтік банкинг, халықаралық сауда қаржыландыруы, жобалық қаржыландыру және басқа да қызметтер көрсетеді. Егер CCB Қазақстанда жеке еншілес банк ашса, Қытай капиталы қатысатын банктердің қатары тағы бір қаржы ұйымымен толықпақ. Бұл ретте Қазақстанда Қытайдың басқа да банк құрылымдары жұмыс істеп келеді. Мысалы, Bank of China Kazakhstan 1993 жылы құрылған және қазір корпоративтік әрі жеке клиенттерге қызмет көрсетеді.

Тегтер: Халық банк
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз