Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:17, 23 Сәуір 2024

Қазақстанда TikTok-қа тыйым салынуы мүмкін

п
Фото:

Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісі бұғатталуы мүмкін. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы шешім «заңсыз контенттің қаншалықты басым болатынына және межеден асып кетуіне» байланысты болады.

Журналистердің қай әлеуметтік желілерде заңсыз контент көп екені туралы сұрақтарына жауап берген Балаева ТикТокты атады.

«Менің ойымша, министр ретінде мұны қарастыру керек деп айтамын. Өйткені, ол жерде қандай балағат сөздер көп екенін көріп отырсыздар. Оны балалар да қарайды. Біз күнделікті бақылай алмағандықтан, ол жерде қандай анайылық болып жатқанын болжай да алмайсыз», - деді министр.

Балаева сондай-ақ бұғаттау туралы шешімді «жан-жақты» қарастыру керек деп санайды.

«Барлық шара көпшіліктің көңілінен шықпауы мүмкін, барлық шара ұнамауы мүмкін, дегенмен, біздің міндетіміз – тұрақтылықты, бірлікті сақтау», - деді ол.

Айта кетейік, мұндай ұсыныс бұған дейін Қырғызстанда айтылып, талқыланған.

Фото:

Тегтер: