Қазақстанда түрмеде лаңкестік әрекетке дайындалып жатқан топ әшкере болды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 25 қарашада лаңкестік әрекетке дайындалып жатқан түрмедегі топты анықтады.
22 қарашада комитет радикалды діни идеологияны жақтайтын 10 адамды анықтаған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, сотталушылардың бірі түрмеде лаңкестік әрекетті дайындап жатқан, ал қалғандары терроризмді насихаттауға және лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыруға адамдарды тартуға қатысқан", - делінген хабарламада.
Жаза өтеу орындарында тінту кезінде пышақ, смартфондар және басқа да заттай айғақтар тәркіленген.
"Бір адамның экстремизммен сотталған, қалғандары адам өлтіру, тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталғандар", - деп хабарлады ведомство.
Аталған тұлғаларға қатысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Айта кетейік, 20 қарашада Ақтауда есірткі жеткізуші топ ұсталған еді.