Live

Қазақстанда үш судья жазаланды

Сот отырысында заң талаптарын өрескел бұзған үш судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бір судья сөгіс алды, екеуі қызметінен босатылды.

сот

«4 судьяға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды. Оның 1-і тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты, 1-і айып тағылудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты, 2 судья қызметінен өз еркімен босатылуына байланысты жұмыстан босатылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бір судьяға бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтініш қанағаттандырылмады.

Атап өтілгендей, жоғарыда аталған қаулылар әлі заңды күшіне енген жоқ, өйткені санкцияға ұшыраған судьялар Жоғарғы Сот Кеңесіне шағымдана алады.

Жоғары сот кеңесі Қазақстандағы 12 судьяны қызметінен босатуды ұсынғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Тегтер: Сот
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз