Саясат

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін

Елде «Әділет» атты жаңа саяси партия құру бастамасы көтерілді. Бұл туралы бастамашыл топ ресми түрде мәлімдеді.

1


Жаңа партия өзін прогрессивті реформаларды қолдаушы күш ретінде таныстырып отыр. Олар «Әділетті Қазақстан» құру идеясын алға тартып, заң үстемдігін нығайтуды және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуді көздейді.

«Біз экономикасы қуатты, баршаға кең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта абыройлы да беделді, Әділетті мемлекет құру және оны нығайтуға мүдделі барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді», - делінген бастамашыл топтың мәлімдемесінде.

Айта кетейік, партияны тіркеу үшін заңнамаға сәйкес бірқатар рәсімдерден өту қажет.

Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз