Қоғам

Жыл сайын балалардың 25 пайызы зорлық-зомбылыққа ұшырайды - Бас прокуратура

Жыл сайын қазақстандық әйелдердің 30 пайызы және балалардың 25 пайызы зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл туралы Бас прокуратураның әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша семинарда айтылды.

а

Талқылау барысында, жыл сайын қазақстандық әйелдердің 30 пайызы және балалардың 25 пайызы зорлық-зомбылыққа ұшырайтыны немесе оған куә болатыны айтылды. Әр жылы полицияға отбасылық зорлық-зомбылық фактілері туралы 100 мыңнан астам арыз келіп түседі. Бұл ретте, әрбір екінші жағдайда жәбірленушілер қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазудан бас тартады, делінген хабарламада.

Семинардың қорытындысы бойынша, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа заңды сәтті жүзеге асыру және жетілдіру үшін мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділерінің өзара іс-қимылын күшейту туралы шешім қабылданған.

Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз