Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:48, 22 Желтоқсан 2023

Қазақстандық оқушылар қай күндері қысқы демалысқа шығады

мектеп
Фото: из открытых источников

Қысқы демалыс 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге алуды ұсынады.

Мектепішілік іс-шара жоспарына ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесіп, ЖОО оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу енгізілген.

«Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады. Атап өтейік, аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі», - деп жазылған министрлік хабарламасында.